Назарбаев: «Тексеруді тоқтатыңдар, бастарын қатырмаңдар!»

Dalanews 28 апр. 2017 03:39 1000

Кәсіпкерлерге қысым жасауды доғару керек. Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен барған Елбасы шенеуніктерге осындай ескерту жасады. Өйткені, кәсібін дөңгелеткісі келетіндерді аяқтан шалатын атқамінерлер көп дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

– Тексеруді тоқтатыңдар, бастарын қатырмаңдар. Жер телімін алу үшін тентіретуді қойыңдар. Жер учаскесін бөлу, жалға беру, мерзімін ұзарту, пайдалану мақсатын өзгерту, рұқсат алу, құжаттары ұзақ уақыт қаралады облыста. Осыған көңіл бөлу керек, – деді Президент.

Оңтүстік Қазақстанның мемлекеттен ең көп дотация алатын өңірдің бірі екенін айтқан Елбасы бюджетке қарап қол жая бермеуге кеңес берді. Өндіріс орындары көптеп ашылса да, оңтүстікте жұмыссыздар саны біршама ұлғайған.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Назарбаев Түркістан, Отырар және Сайрам секілді тарихи аймақтарға туристер тартуды тапсырды. Шымкентте «Қазақ еліне мың алғыс» монументі мен облыстық «Қазақстан халқы ассамблеясы үйінің» ашылуына қатысқан Елбасы, сондай-ақ, Сайрам ауданындағы жаңа технологиялармен өсіріліп жатқан алма бағында да болып қайтты.

 

Дереккөзі: КТК арнасы

Рекомендовать
Последние новости