"Назарбаев суреті ілінген үйді" сүріп тастады (видео)

Dalanews 15 мая 2017 03:44 882



Астана қаласында төрт қабырғасына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері ілінген Раушан Ұябаеваның үйін сүріп тастады. Билік тұрғындарды бұл үйден кетуге көндірген.





Үй иесі Несіпкүл Ұябаева билікке қарсыласудан әбден шаршағанын, бірақ олардың әрекеті заңсыз дегеннен әлі танбағанын айтты.

Астана әкімдігіне қарасты "Қалалық жылжымайтын мүлік" мемлекеттік коммунальдық кәсіпорын жетекшісі Александр Строчковтың айтуынша, сот орындаушылары сот белгілеген өтемақыны төлеп бергенше, бұл үйдің тұрғындарына жатақханадан орын ұсынылған.

Астана билігі бұл үйді сот шешімімен өткен жылдан бері сүруге талпынып келеді, бірақ өтемақы көлемі тым аз деп санайтын тұрғындар оны босатудан бас тартқан.

21 сәуірде Астанада "ЭКСПО" халықаралық көрмесіне дайындық мәселелері талқыланған жиында Назарбаев астана орталығындағы ескі үйлер қала көркін бұзып тұр деген еді.

[video width="480" height="270" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2017/05/170e3dcc-9e94-4464-b9e5-dd0a453d9d84_mobile.mp4"][/video]



Рекомендовать
Последние новости