Жүрсін Ерман Асанәлі Әшімовке ұқсай ма?

Dalanews 15 мая 2017 03:05 1005

Таяуда 80 жылдығын дүркіретіп атап өткен аңыз адам Асанәлі Әшімовтің тойында замандастары Әшімовке байланысты өміріндегі қызықты оқиғаларымен бөлісті, деп жазады Stan.kz.

Жүрсін Ерманды көрген жұрт әуелі Асанәлі Әшімовке ұқсатып, кейін суретке түсуге құмарланып тұрады екен. Тіпті, кейде журналистердің өзі шатасатын көрінеді. Жүрсін Ерман «жанымыз ұқсас болған соң, түрісміз де ұқсап кеткен шығар» дейді.

– Жақында мынадай болды. Өзі жұрт Асанәлі екеумізді шатастыра береді. Өзіме мүлдем ұқсамайтын сияқтымыз. Бірақ, Асанәліні мен деп, мені Асанәлі деп қалатын жағдайлар болды. Ана жылы Ағыбай батырдың тойына барып, 300 жылдығында Ағадір ауылынан қайтып келе жатырмыз. Оралхан Бөкеев бар қасымда. Содан дәу қазақ машинамызды басып кете жаздап, атпен шауып келе жатыр. Артымыздан қалмай қойды. «Оралхан қарашы, мына қазаққа қарыз емессің бе?» дедім. «Қарыз емеспін», – дейді Оралхан.

Тоқтайық онда деп тоқтадық. 160 келі болатын бір дәу жігіт аттан домалап түсті. Кейін таныстым. Иман Түсіп деген жігіт екен.

– Асеке, Асеке дейді маған. Мына Қарабұлақ деген ауыл бір қой берейін деп отыр жеп кет” дейді. Соған шақырады. Ол ол ма, сондай жақында бір телеарна да болды. Асекенің 80 жылдығына байланысты бір хабарға қатысып едік. Асеке екеуміз қатар тұрғанбыз. Екі қыз бала келіп, “Аса аға, суретке түсейік” деді. «Ей, сендер мені білесіңдер ме, менің киноларымды көрдіңдер ме?» дедім. «Ойбай ау, сіздің киноларды көрмегенде кімді көрдік» дейді. Асеке қасымызда күліп тұр. Өзі куә болды. Жанымыз жақын болған соң, түріміз ұқсайтын шығар, – Ерман.

Оның үстіне Асанәлі Әшімовтың өзі Жүрмін Ерманды дублерім дейді екен. Жақында Әшімов үшін ақын киноға да түсіп беріпті.

«Ол кісі мені дублерім деп жүреді. Ана жылы бір «Каникулы Камбара» деген киноға түстім Асанәлінің орнына. Шалдың рөлін сомдадым. Содан бері дублерім дейді», – деп ағынан жарылды Жүрсін Ерман.

Рекомендовать
Последние новости