Назарбаев қазақша сөйлеген балаға қайран қалды

Dalanews 30 сент. 2016 05:59 935

Качир балалар үйінің түлегі, музыкалық мектептің тәрбиеленушісі Алексей Лодочников бүгін Достық үйінде Нұрсұлтан Назарбаевтың өңір жұртшылығымен кездесуі барысында президентке өз арманын айтты.

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

«Мен де көптеген қазақстандық балалар сияқты Сізді әкем ретінде санаймын. Әр баланың арманы болады. Ал, менің арманым бүгін орындалды. Мен Сізбен кездесуді армандаған едім. Белгілі қазақ әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО-да «Балқадиша» әнін орындаған. Мен теледидардан осы әнді Сіздің шырқағаныңызды көрдім. Енді мен бұл әнді Сізге орындағым келеді. Сондай-ақ, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінде ән салсам деймін», — деді Алексей қазақ тілінде.
 Президент жас жігітті мемлекеттік тілді жақсы меңгергені үшін мақтады.

«Сен менің серіктестеріме қарағанда қазақ тілінде жақсы сөйлейсің», — деп Нұрсұлтан Назарбаев ел тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Астанада өтетін концертке шақырды.

Рекомендовать
Последние новости