Назарбаев? Ол Еуразиялық одақтың саясилануына жол бермеді - Лукашенко

Dalanews 25 мая 2023 07:39 857

Беларусь басшысы Александр Лукашенко Еуразиялық одақтың құрылу тарихына тоқталып, мұндағы Назарбаевтың рөлін сөз етті деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Оның айтуынша 2014 жылы құрылған ұйымның негізгі тетіктері Кремль көсемінің зәулім сарайында талқыланған. Одақтың қаңқасын қалау процесі Путиннің ас үйінде жүрген, шешім де осы жерде қабылданған.

Көрші елдердің басшыларын қонаққа шақырған Путин ортақ ұйымға бірігу мәселесі кешкі шәй үстінде шешілу керектігін мәлімдеген.

Мәскеудегі одақ басшылары бас қосқан жиында өткен күндерді еске алған Беларусь басшысы сөй дей келе ұйымды ертелетіп құруға Кремльдің мүдделі болғанын меңзеп өтті.

"Иә, одақтың алғышарты Путиннің ас үйінен басталды. Бізді бір шәугім шайға шақырып, дастарханынан дәм таттырды. Ол кезде Украина қазіргідей оқшауланбаған еді. Үстел басындағы ақылдасу кезінде одақтың бүгін-ертең құрыла қоярына күмән келтірдім. Себебі, сол тұстағы саяси ахуал бұлыңғыр, мың құбылып тұрған шақ еді. Бірақ, көз қорқақ, қол батыр. Ұйымның "беташарын" бірлесіп әзірледік. Бас-аяғы 22 құжатқа қол қойылып, тараптар мұндағы талаптарды түгел мақұлдады. Айтқаным айдай келіп, Киев кейін келе уағдадан тайқып кетті", – деді Лукашенко.

Беларусь президенті одақ жұмысындағы Назарбаевтың рөліне де аз-кем тоқталып өтті.

"Қазақстанның Тұңғыш президенті одақтың саясилануына жол бермеді. Ұйымды әскери-саяси блокқа айналдыруды көздеген Ресейдің амбициясын тежеп отырды. Ол экономикалық шеңберден шықпауымызды ұдайы еске салып отыратын", – деді Лукашенко.

Айтқандай, кезінде Қазатомды басқарған Владимир Школьниктің Ресейге жұмыс істегені белгілі болды. Ол туралы мына тұстан оқыңыз ➡️ DALA INSIDE 

https://dalanews.kz/ekonomika/89660-zhalgan-brokerler-dauiri-alaiaqtarga-u

Рекомендовать
Последние новости