Нартай Дүтбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Dalanews 02 мар. 2017 01:03 827

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевты қамауда ұстау мерзімі 26 наурызға дейін ұзартылған. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі Азаттықтың Дүтбаевтың қамау мерзімі туралы жолдаған ресми сауалына берген жауабында хабарлады.

Астана сотының ақпаратына қарағанда, "мемлекеттік құпияны жарялау" және "қызмет бабын асыра пайдалану" күдігіне ілінген Дүтбаевты қамау мерзімін 17 ақпанда Есіл аудандық №2 соты ұзартқан. Сот сонымен қатар Дүтбаевпен бірге қамалған ҰҚК-нің бұрынғы қызметкерлері Нұрлан Хасен және Ерлан Нұртаевтың да қамау мерзімдерін 26 наурызға дейін ұзартқан.

ҰҚК бұған дейін Нартай Дүтбаев пен Нұрлан Хасен және Ерлан Нұртаевтың 26 желтоқсанда "мемлекеттік құпияны әшкереледі, билігін және қызмет бабын асыра пайдаланды" деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған. Олардың үйлерінде "тінту жүргізіліп, заттай айғақтар тәркіленген".

28 желтоқсанда күдіктілер сот шешімімен екі айға қамалып, ҰҚК-нің тергеу абақтысына жабылған.

 

Дереккөзі: nur.kz

Рекомендовать
Последние новости