Михайло Подоляк: «66 күн соғыста орыстың 7 генералы оққа ұшып, 22 мың сарбазы опат болды»

Dalanews 24 апр. 2022 12:37 1023

Бүгін Украина халқының Ресеймен соғысып жатқанына тура 60 күн болды. Ержүрек украин сарбаздарының жан аямай күресіп жатқанына тура екі ай. Украина Президенті офисінің кеңесшісі Михайло Подоляк өзінің Телегармм каналында дүниежүзінің екінші армиясымен табандап соғысып жатқан Украинаның әрекетін «үлкен жетістік» деп бағалады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Екі ай соғыста Ресей әскері үлкен шығынға ұшырап, айдай әлемге өздерінің шыныменде қандай әскер екенін көрсетті. Олар осы уақыт аралығында кісі өлтіріп, мародерлікпен айналысып, бейбіт халықты қорлауда алдарына жан салмайтын әскер екенін әлемге паш етті» деді Михайло Подоляк.

Ол украина сарбаздары 60 күннен бері аяусыз күрес жүргізіп 22 мыңынан астам орыс сарбазын опат қылғанын алға тартыпты. Осы уақыт аралығында Ресейдің 7 генералы мерт болған (кейбір дерек көздері опат болған генералдардың саны 9 жеткенін көрсетуде). Бұл соғыста орыстың бетке ұстар «Москва» крейсрі су түбіне кетуін Украина қарулы күштерінің есебіне жазып қоюға болады.

– Бұл соғыста орыс әскері өздерін бала өлтіргіш, мәйіттерді өртейтейтін зорлықшыл әскер екенін дәлелдеп берді. Бізде олардың қылмысын әшкерелейтін фото мен видео айғақтар жетіп артылады. Ресей «бай» ел боласа да, олардың әскері унитаз бен иттің үйшігіне дейін алып кететін ұры екенін көрдік, – деді Михайло Подоляк.


Сонымен қатар Украина Президенті офисінің кеңесшісі дүниежүзінің «екінші армиясы» бейбіт тұрғындармен күрес жүргізіп, қарапайым халық тұратын кварталдарды атқылайтынын да айтты.

Соғыс басталғалы бері орыс оккупанттары Украинаның Киев, Львов, Харьков, Одесса, Днепр, Чернигов сынды ірі қалаларына 1700-ден астам қанатты зымырандармен атқылап, тұрғын үйлер мен түрлі нысандарды қиратып, орны толмас шығын келтіргенін тілге тиек етті.

Бұл соғыс Еуропа елдерін тұтастырып, НАТО-ның аясын кеңейте түскені белгілі. Сонымен қатар финдер мен шведтердің Солтүстік атлантикакалық әскери одаққа мүше болуын тездеткенін де айта кетуіміз керек.

«60 күнде Украина әлем бойынша азаттық пен мызғымас тұрақтылықтың белгісіне айналды» деп Михайло Подоляк өз жазбасын аяқтапты.

Рекомендовать
Последние новости