Митинг? Одан не өзгереді? - тележүргізуші Мақсат Толықбай мәлімдеме жасады

Dalanews 14 янв. 2021 06:55 952

«Адал» партиясының атынан мәжіліс сайлауына қатысқан тележүргізуші Мақсат ТОЛЫҚБАЙ митингіге шықпайтынын мәлімдеді. Qazaqstan телеарнасының бас продюсері бұған дейін «егер сайлау әділетсіз өтсе, митингіге шығамын» деген еді.

Журналист facebook әлеуметтік желісінде неге өз ойынан айнығанын айтты. Айтуынша, саясатта тәжірбиесі бар бір үлкен саясаткер тоқтатқан екен. Алайда оның есімін Толықбай айтқан жоқ.

«Мақсат, дауыс даулап митингіге шығасың ба деп сұрап жатқандар бар. Ондай ой болмады емес болды. Саясатта жүрген бір үлкен ағамыз телефон шалып екі сағат сөйлестік. Маған сөзі әсер етті. Сіздерде қосыласыздар деп ойлаймын. “Мақсат,- деді – сенің саясаттың шетін көріп жатқаныңа бар-жоғы бір ай болды ғой. Бұл басы ғана. Әлі талай нәрсені көресің. Сендер өздеріңе сенімді болсаңдар, бірдеңені дәлелдегілерің келсе, нағыз партияның жұмысын көрсетіңдер. Алдағы жылдары ана үш партиядан жақсы жұмыс істеңдер. Ертең резонанстық жағдай болатын болса, баспасөз мәслихатын өткізіп, мәлімдеме жасаңдар. Қандай да бір оқиғалар болғанда халықтың ортасынан табылыңдар. Өзің айтып жүретін тегін грантты жұмыс бастағысы келетін азаматтарға таратыңдар. ЖОО ректорларымен мемарандумға отыр. Ауылда түншығып жатқан қаншама талантты жастар бар оқуға түсе алмай жатқан. Тым болмаса соларды оқуға түсіріңдер тегін грант беріп. Міне, ең үлкен сауапты іс солай болады. Қолынан еш нәрсе келмейтін шарасыз күйге түскенде ғана адам митингіге шығады” – деп айтты маған. Осының өзі қатты әсер етті. Өйткені, ағайын ащы болса да айтайын біздің қоғамның өзі дайын емес. Мен атойлап алаңға шыққанмен артымнан бір екі мың адам шығар. Одан не өзгерер. Сөйтіп тарқаймыз», – деді мәжіліс депутатына кандидат болған журналист Толықбай.

Журналист мәжіліс сайлауы кезінде біршама тәжірбие жинап және аз жұмыс атқармағандарын да айтты.

«Бір айдың ішінде қолымыздан не келетнін көрсете алдық. Бұдан кейін бізбен де санасады. Жиырма жеті күннің ішінде ешбір партияның тарихында болмаған 360 мың адамды мүшелікке өткіздік. Бес жылдан кейін де сайлау болады. Оған дейін санымызды миллион екі миллионға жеткізейік. Талай жоба, жоспарды бірігіп атқарайық. Біз партияның атынан сіздер жасаған ұсыныстан мәлімдеме жасайық. Әрбірден соң Адалды қолдайсыз ба, қолдамайсыз ба мәселе ода емес, ағайын. Біз күшке айналу үшін әрбір белсенді рамкадан шыққысы келетін, өзгергісті қалайтын әрбір азаматты қолдап үйренейікші. Сен жаман, мен жаман отыра бергененен ешкім ештеңесі кетпейді, керісінше жақсы. Қауіпті ғой, ертең біздің басымыз бірігіп кетсе. Сондықтан осыны ойлаңыз», – деп сөзін қорытты Мақсат Толықбай.

Сайлау қортындысы шыққанда журналист Толықбай «Nur Otan» партиясынан кейін «Адал» екінші орын алды деп мәлімдеген еді. Алайда «Адал» партиясының төрағасы Серік СҰЛТАНҒАЛИ жеңілістерін мойындап, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ басқаратын саяси ұйымды бірінші болып құттықтады.

Орталық сайлау комиссиясының дерегінше  «Nur Otan» партиясы 71,09 % дауыс иеленсе, «Ақжол» 10,95 % дауыс, ҚХП 9,10%, «Ауыл» партиясы 5,29 % , «Адал» бар-жоғы 3,57% дауыс қана жинай алған.


Алайда, тәуелсіз сарапшылар шын оппозициялық партиялар қатыспаса да сайлау әділетті өтпеді деген пікір айтады. Мәселен «Жас сайлаушылар лигасының» бақылаушылары мәжіліс сайлауына барлық партиялар өтті дейді. Олардың есебі бойынша «Адал» үшін сайлаушылардың 12,8% дауыс берсе, «Ақ жолға»  20,1%, ал «Ауыл» партиясы  8,33% дауысқа иеленсе, «Nur Otan»  48,30%, Қазақстан халық партиясы 8,90% дауыс алыпты.

Дереккөз: malim.kz

Рекомендовать
Последние новости