Министрлік алаяқтықтың жаңа түріне байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Қаракөз Амантай 29 янв. 2024 15:31 2237


ҚР Әділет министрлігі елде алаяқтық іс-әрекеттің жаңа түрі пайда болғанын мәлімдей отырып, қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 



Өздерін әділет органдарының қызметкерлері немесе сот орындаушылары ретінде таныстырып жүрген алаяқтар азаматтарға хабарласып, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды, банк шоттарын бұғаттау, жүргізуші куәлігін тоқтата тұру және т. б. түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешек өтеуді талап ете бастады - дейді Әділет министрлігінің өкілдері.



Мұндай қоңыраулар келіп түскен жағдайда атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (https://aisoip.adilet.gov.kz/) немесе АИС ОИП мобильді қосымшасы арқылы атқарушылық іс жүргізудің бар немесе жоқ екеніне көз жеткізу ескертіледі.



Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуіңізді ескертеді - делінген хабарламада.




Рекомендовать
Последние новости