Кімнен қорықты? Канделаки Қырғызстанда да орыс тілі шеттетіліп жатқанын айтып, артынша жазбасын өшіріп тастаған

Сағыныш Сардарова 29 янв. 2024 15:08 4721


Ресейлік тележүргізуші Қырғызстанда да орыс тілі шеттетіліп жатқанын айтты. Алайда тележүргізуші телеграмдағы жазбасын кейін өшіріп тастаған, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі.


Канделакидің сөзінше, Қырғызстан билігі бір жылдан бері Бішкектегі төрт ауданның атын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр екен.



"Бішкектегі аудандарда КСРО кезінен сақталған орысша керемет атаулармен аталған: Первомайский, Октябрьский, Ленинский, Свердловский. Қырғызстандық депутаттар бұл (аудан атауларын өзгерту) "ұлттық идеологияны нығайту, сондай-ақ, тарихи дәстүрлер мен құндылықтар негізінде азаматтардың рухани-адамгершілік тәрбиесін жақсарту мақсатында" деп ұсынып отыр. Қырғызстан халқының көбі қырғыз тілінде емес, орыс тілінде сөйлесе, қайдағы идеология?! Бәрін қиындатудың не қажеті бар?" - дейді Тина Канделаки жазбасында.



Тележүргізуші жазбасында дәл осылай Украинада декоммунизация басталғанын, ол бүкіл орыс тілінен бас тарту компаниясына айналғанын айтады.


Бірақ Тина Канделаки бұл жазбасын өшіріп тастаған.


Бұған дейін Тина Канделаки Қазақстанда орыс тілі шеттетіліп жатқанын жазып, қоғамда қызу талқыға түскен болатын. 


Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің бірқатар бекет атауын өзгерту туралы шешімін ресейлік тележүргізуші осылай қабылдаған. Канделаки мысал ретінде "Уральск" бекетінің атауы "Орал", ал "Узень" бекетінің атауы "Жаңаөзен" болып өзгергенін келтірді.



Рекомендовать
Последние новости