Бүркітші Айшолпанның отбасы Моңғолиядан көшіп келді

Сағыныш Сардарова 29 янв. 2024 15:49 2285


Бүркітші Айшолпанның отбасы Моңғолиядан елге көшіп келді, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеп.


Оның сөзінше, өзі - қазір студент, елдегі университеттердің бірінде оқып жатыр.



"Мен Қазақстандамын, бір аптадай бұрын ата-анам мен бауырларым көшіп келді. Өзім Алматыдағы С.Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4-курста оқып жатырмын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын", - деді Айшолпан.



Сондай-ақ, өнерлі қыз бүркіт өнерін тастамағанын айтты.



"Оқу мен бүркітпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Жарыстарға қатысып жүрген жоқпын, тек қонақ ретінде барамын. Себебі оқудан қол тимейді", - дейді бүркітші қыз.



2018 жылы қарашада бүркітші Айшолпан туралы фильм шықты. 2019 жылы Моңғолия композиторы жерлесіміздің құрметіне өз туындысын арнаған еді. 2022 жылы бүркітші Айшолпан туралы ағылшын тілінде кітап шықты. 



Рекомендовать
Последние новости