Мұхаметжан Тазабеков: Тірнектеп жинаған контенттік архивімді «Халық арнаға» толық тапсырамын

Dalanews 07 нояб. 2020 10:32 812

«Асыл арнаның» контентін «Халық арнаға» толық тапсыратын Мұхаметжан Тазабековке дән ризамыз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров айтты.

«Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхаметжан Тазабеков ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің отырысына келіп, тірнектеп жинаған контенттік архивін «Халық арнаға» толық тапсыратынын айтты. Мұхаметжанға осындай кемеңгерлік көрсеткені үшін дән ризамыз», - дейді ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров.

Сондай-ақ, «Халық арна» телеарнасының Бас директоры Нұржан Дарқұлов арнадан қандай бағдарламалар көрсетілетіні туралы айтты. «Бұл ҚМДБ-ның арнасы болғандықтан, негізгі басымдылық діни-ағартушылық бағытқа жұмсалады. Сонымен қатар, дәстүр құндылықтарын, тарих, мәдениет, дін мен дәстүр сабақтасқан, қабысқан мазмұндағы бағдарламалар болады.

Бұл арнадан ұлт аспаптар оркестірінің концерттері, рухани кештер де көрсетіледі. Бұл - діни, мәдени, рухани, тарихи бағыттағы арна деуге болады», - дейді Нұржан Таласұлы. Еске сала кетсек, бұған дейін имамдар форумында ҚМДБ қызметіне жаңа серпін беретін тұжырымдалық құжаттар қабылданғаны туралы жаздық.


Рекомендовать
Последние новости