Мусин қызметінен кетті

Сағыныш Сардарова 30 апр. 2024 19:03 3465

Бағдат Мусин министр лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды.

Ол 2004 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2004-2007 жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамында инженер-бағдарламашы, куәландыру орталығы бөлімінің басшысы, мемлекеттік органдарда АT бөлімшелер құру департаменті директорының орынбасары.

2004-2007 жылдары "AMANAT-insurance" БК" акционерлік қоғамында ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесші-консультант.

2007-2010 жылдары — Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі және ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы.

2010-2011 жылдары — Байланыс және ақпарат министрлігінде Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары. 

2011-2014 жылдары — Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы. 

Әр жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін басқарды.

2018-2019 жылдары — Bi Group құрылыс холдингі басқарма төрағасының орынбасары және корпоративтік-венчурлік қордың басшысы.

2019-2020 жылдары — АТ-кәсіпкер, ReKassa, Tastamat және басқа да АT-стартаптардың тең негізін қалаушы.

2020 жылғы наурыз-шілде аралығында — Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі. 

2020 жылғы шілде-қыркүйек аралығында — ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары.

2020 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып қайта тағайындалды.

ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына қайта тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып қайта тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда  Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.


Рекомендовать
Последние новости