Мұратхан Тоқмади банкир Тәтішевті кімнің тапсырысымен өлтіргенін айтты (видео)

Dalanews 25 окт. 2017 03:09 1198

Қоқан-лоққы жасады деген айыппен сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмади 2004 жылы болған атышулы қастандыққа қатысты тың мәліметтерді жария етті. Оның айтуынша, ТұранӘлем банкінің басшысы Ержан Тәтішевті өлтіруге оның бұрынғы әріптесі Мұхтар Әбілязов тапсырыс берген.

Бұл мәліметтер КТК телеарнасында көрсетілген «Звали его Мурка атты» деректі фильмде айтылады. Онда қазір ауруханада жатқан Тоқмади бұдан бірнеше жыл бұрын ТұранӘлем банкінің басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті қалай атып өлтіргенін мойындайды. Ол кезде бұл қайғылы оқиғаға қатысты іс аң аулау кезінде мылтықтың байқамай басылып кетуі салдарынан болған жағдай ретінде сипатталған болатын.

«Ол (Мұхтар Әблязов – ред.) мәселені Ержанның көзін құрту жолымен шешуді ұсынды. Оның айтуынша, оқиға аңшылық кезінде болуы және абайсыз өлім болып көрінуі тиіс еді», – дейді Мұратхан Тоқмади.

Тәтішевті өлтіру не үшін қажет болды десек, ТұранӘлем банкі Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Серік Уәлиев мәселе Мұхтар Әблязов пен Ержан Тәтішовтің арасындағы араздықтан шыққанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, Ержан Тәтішевті жұрттың қаржы ісінің генийі деп атауы Әбілязовқа ұнамаған.
«Мұхтар өзін Ержан лақтырып кетті деп біліп, осы себепті оны жек көрді. Мұны ол ашық айтатын», – дейді банктің Директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Жақсылық Жәрімбетов.

Мұратхан Тоқмади 2004 жылдың желтоқсан айында Тәтішевке өзі звандап, бірге аң аулап қайтуға шақырғанын айтады.
– Жолда ол рөлге өзі отырды да машинаны қатты айдады, қасқыр қуып бара жатқанбыз. Оның күзетшісі қаруды маған берген сәтте мен Ержанды атып өлтірдім, – дейді Тоқмади.

Бұл іс бойынша сот үш жыл жүрді. Қанды оқиға, мылтық, оқтың бағытына қатысты детальдардың сот сараптамасын жасау кезінде қалай бұрмаланғаны фильмде егжей-тегжей баяндалады. Тоқмади осындай сараптама жасату үшін 20 мың доллар төлеген.

«Бәрі ойлағандай шешілді. Абайсызда адам өліміне әкелген оқиға болып шықты. […] Бәрі Әблязовтің ісі екенін түсіндім. Ержанның өлімі - Әблязовтің тапсырысы», – деді Тоқмади.

Ержан Тәтішев 1997 жылдан 2004 жылы қаза болғанға дейін Қазақстандағы жүйеқұрушы банктердің бірі ТұранӘлемнің Басқарма төрағасы болды. Бұл банк Мұхтар Әбілязовтің бақылауына өтіп, БТА банк болып өзгерді.

Тәтішевтің өлімі бұрын нұсқада жарияланған болатын. «Ержан Тәтішев «Тойота Ланд Крузер» көлігімен далада аңды қуып келе жатқан. Қуып жеткен кезде ол 12-калибрлі мылтықты арт жақтан отырған Мұратхан Тоқмадиге берген. Дәл осы сәтте джип шұңқырды басып өтіп, мылтық өздігінен атылып кеткен. Оқ Ержанның шүйдесінің оң жағына тиіп, сол жақ көзінен шығып кеткен».

Оқиға 2004 жылы 19 желтоқсанда Жамбыл облысындағы Отар станциясы маңында сағат таңертеңгі 11 шамасында болған.

Ал кәсіпкер Мұратхан Тоқмади биылғы 12 қазанда кәсіпкер қоқан-лоққы жасағаны және қаруды заңсыз сақтағаны үшін үш жылға сотталған болатын.

Дереккөзі: baq.kz

 

https://www.youtube.com/watch?time_continue=6&v=TD5XP00_Tyg

Рекомендовать
Последние новости