Мүгедек балаларға кохлеарлы имплантанттарды баптауды үйретті

Dalanews 18 янв. 2018 12:51 960

«Әлеуметтік оңалтуды дамыту ғылыми-практикалық орталығы» мамандары Астана қалалық бөлімшесінде кохлеарлы имплантаттары бар мүгедек балаларға сөйлеу процессорларын баптау жұмыстарын өткізді.

Мұндай аса жауапты жұмысты атқару, есту және сөйлеу қабілеті нашарлаған жанға сөйлеу процессорлары мен оның жинақтаушы бұйымдарының қызмет сапасын арттырары айдан анық. Кохлеарлы имплантанттары бар мүгедек балалардың күнделікті өмірінде және білім алу үдерісіндегі таптырмас маңызды мәселе болып отыр.

Екі күнге созылған шарада мамандарымыздың көмегіне 20-дан астам мұқтаж жандар жүгінген. Айта кетерлігі, есту аппараттарын баптау үдерісіне техникалық тұрғыдан қызмет көрсетумен қатар, есту бұзылысын диагностиклау және емдеу, тереңдетілген аудиологиялық тескеріс жасау, кеңес беру, естуді протездеуге жіберу, есту бұзылыстарын сараптау, есту қабілеті зақымдалғанбалаларды диспансерлік есепке қою, сондай-ақ сурдологиялық көмек көрсетілетін мамандандырылған кабинеттерге жіберу қызметтері де кіреді.

Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын баптау және теңшеу жұмыстары мемлекеттік «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілді.

 

«ӘОД ҒПО» баспасөз қызметі

 

Рекомендовать
Последние новости