«Мобильді кеңсе» қызметінің артықшылықтары

Dalanews 18 мар. 2017 05:40 862

«Кселл» компаниясының жаңа «Мобильді кеңсе» қызметі корпоративтік клиенттерге кез келген компанияның стандартты колл-центрін алмастыра алады. Қымбат жабдықты сатып алудың не болмаса  қоңырауларға жауап беру үшін жұмыс орнында болудың қажеті жоқ. Бұның барлығы «бұлтты» АТС-та ұсынылады.

«Мобильді кеңсе» қызметі дәстүрлі кеңселік телефонияның заманауи балама әдісі. Осы технологияның көмегімен клиенттер  бір уақытта хабарласып жатса да, қолдау қызметіне сәтті қоңырау шала алады. Егер де барлық қызметкерлер бос болмаса, жүйе клиентке  дауыстық сәлемдесу хабарламасын тыңдатып, кейіннен бірінші босаған қызметкермен сөйлестіруге мүмкіндік береді. Осы қызметтің арқасында клиенттер өзінің телефонынан ешқашан «бос емес» белгісін естімейтін болады.

Қызметке  қоңыраулар кезегі мен сценарийлері, дауыстық мәзір, жұмыс және жұмыстан тыс уақытында қоңырауды бағыттау, дауыстық поштасы секілді  бірқатар функциялар қосылған. «Кселл» техникалық қолдау мамандары клиентті бір күнде қосып береді. Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша дайындықты не болмаса сим-картаны ауыстыруды қарастыратын ешқандай іс-әрекеттер талап етілмейді.

Қарапайым және тиімді функционалдың арқасында «Мобильді кеңсе» керемет бизнес-аспапқа айналады. Біз «Кселл» компаниясының В2В клиенттеріне кіріс қоңырауларын толықтай бақылауды және сәтті түрде байланысқа шығатын қоңыраулар санын 25-30%-ға арттыруды ұсынамыз. «Мобильді кеңсе» көмегімен сіздің компанияңыздың желісі өзіңіздің тұтынушыларыңызбен байланысу үшін әрдайым қолжетімді болады»,-деп атап өтті «Кселл» АҚ атқарушы директоры Арти Отс.

«Мобильді кеңсенің» қосымша артықшылығы – бұл қызметкердің немесе кеңсенің нақты бір орналасу орнына байланыстырудың болмауы. Қызмет «Кселл» ұялы байланысы  ұстайтын барлық жерде жұмыс істейді. Қызметті қосу тегін.

Рекомендовать
Последние новости