Мысырдағы елші өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Dalanews 19 дек. 2019 10:37 934

"Елші Еламан Жолдасовтың мәйіті табылғанда аяқ-қолы байлаулы болды" деген алып-қашпа сөз ешқандай шындыққа жанаспайды", деп мәлімдеді ҚР СІМ өкілі Айбек Смадияров арнайы брифингте, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

- Онысы өтірік. Ол баспалдақтың ұстайтын ағашына байланған ақ жіппен мойны оралған күйінде табылған. Алғашқы тексеру кезінде жарақат, көгеру, дене жарақат болған жоқ, аяқ-қолдары да байланбаған. Мұны оқиға орнынан алынған фотосуреттер мен видеолар растайды, - деді Смадияров.

Жалпы, оның ақпараты бойынша, 13 желтоқсанда сағат 11.15 шамасында Мысырдағы Қазақстан елшілігінің екінші хатшысының жұбайы Еламан Жолдасовтың өлі денесін баспалдақтың алдында жатқан жерінен тапқан, ол ең бірінші елшілікке хабарласқан.

- Қайғылы оқиға орнына 5-7 минут ішінде жеткен дипломаттар мұндай жағдайларда қажеттті барлық шараларды жүзеге асырған. Оқиға орнына полиция тобы, жедел жәрдем, прокуратура және Египеттің криминалды полиция тобы шақырылды, деп хабарлады ресми өкіл.

Ол 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері жеке ішкі тергеу жүргізу үшін Каирге келгенін атап өтті.


- Қазіргі уақытта Мысыр прокуратурасы бұл істің мән-жайын тексеруде. Тергеу аясында мүрдеге сот-медициналық сараптама жүргізілді. Сараптама нәтижелері жақын арада қазақстандық тарапқа жеткізіледі. Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігі марқұм елшінің денесін отанына жеткізгеннен кейін Қазақстанда қосымша сот-медициналық сараптама жүргізуді бастайды, - деп түсіндірді Смадияров.

Баспасөз мәслихатында марқұм елші жауапкершілігі мол, сыйлы адам ретінде сипатталды, өз саласының кәсіпқой және керемет арабист екендігі айтылды.

- Ол жиі сұхбат беріп, Мысыр ақпарат құралдарында кеңінен танымал болған. 2013 жылдан бастап СІМ жүйесінде жұмыс істейді. 2017 жылдың мамыр айынан бастап Египеттегі Қазақстан Республикасының елшілігінің мәдени-гуманитарлық мәселелер жөніндегі екінші хатшысы болды. Басшылық пен әріптестер тарапынан шағымдар болған емес. Біз осындай адамды жоғалтқанымыз үшін өте өкінеміз, - деп сөзін қорытындылады Айбек Смадияров.

 

 

Рекомендовать
Последние новости