Сыртқы істер министрі: "Тасмағамбетов? Ол қызметтен өз еркімен кетті""

Dalanews 19 дек. 2019 10:30 827

Сыртқы істер министрінің айтуынша, Иманғали Тасмағамбетов бұдан былай СІМ жүйесінде жұмыс істемейді.




Ресейдегі Қазақстанның бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов өз еркімен отставкаға кетті, деп мәлімдеді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында, деп хабарлайды Dalanews.kz.

- Ол зейнет жасына жетуіне байланысты өз еркімен жұмыстан шықты. Сондықтан да менің түсінуімше, ол СІМ жүйесінде қалмайды, - деді Мұхтар Тілеуберді.

Министр, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов кеткеннен кейін оның қызметін уақытша кім атқаратынын айтып берді.


«Кеңесші-елші атқарады. Кеше арнайы бұйрыққа қол қойдым. Нұржан Қажиақбаров Елшіліктегі екінші адам, оған Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы істерінің уақытша сенімді өкілі міндеті жүктелді. Нұржан Қажиақбаров жаңа Елші тағайындалып, Ресей Президентіне сенім грамотасын тапсырғанға дейін міндетін атқаратын болады», - деді ол.

18 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Тасмағамбетов Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. 9 желтоқсанда ол 63 жасқа толды.

Рекомендовать
Последние новости