«Мың жасаған Алматы» байқауына қатысыңыздар

Dalanews 29 июл. 2016 06:53 973

 

Журналистерге арналған қалалық  «Мың жасаған Алматы» байқауының


ЕРЕЖЕСІ


 

  1. Жалпы бөлім



  1. Журналистер арасында өтетін қалалық «Мың жасаған Алматы»байқауы (бұдан әрі – Байқау) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын,Алматы қаласының 1000 жылдығын және Алматы қаласының бүгінгі тыныс-тіршілігін насихаттау, журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және ынталандыру, сондай-ақ журналистер қауымын Қазақстан Республикасы Президентінің Бес институционалдық реформасы - Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды жүзеге асыру барысын жариялауға тарту мақсатында өткізіледі.

  2. Байқаудың міндеттері:



  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойын халық арасында насихаттау;

  • Әкімдік пен БАҚ өкілдері арасында серіктестік пен ынтымақтастықты арттыру;

  • Журналистер назарын Қазақстан Республикасы Президентінің Бес институционалдық реформасы - Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның іске асырылу барысын жариялауға аудару.



  1. Жеңімпаздарды анықтау және дипломдар тапсыру қала күні мерекесіменсабақтастырылады.

  2. Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

  3. Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қала әкімдігінің қызметкерлері кіре алады.

  4. Байқау комиссиясы сыйлықалуға талпынушылар мен дипломдар алушыларды іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:



  • материалдардың объективтілігі;

  • кәсібилік және мазмұндай шеберлігі;

  • мәселенің қойылуы және оны жан-жақты ашып көрсету;

  • материалдар туғызған қоғамдық резонанс;

  • жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

  • көтерілген мәселелердің өзектілігі және шығармашылық талдануының тереңдігі.



  1. Байқауды өткізуді үйлестіру.


Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру Алматы қаласы әкімідігінің жанынан құрылған ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.

  1. Ашықтық.


Осы Ереже байқауға қатысуға үміткерлерге, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

 

  1. Байқауға қатысу шарттары


 

  1. Байқауға қатысушылар.


Байқауға қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық БАҚ-тар мен журналистер шақырылады.

  1. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы.


Байқауға қатысуғаҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналып жазылған, Алматы қаласының жетістіктері мен тыныс-тіршілігі туралы мақалалар, Ұлт жоспары - Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының іске асырылу барысы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың алға қойған көкейкесті міндеттерініңжүзеге асуы туралы және тағы басқа материалдар қабылданады.

2016 жылғы 28 маусымнан 2016 жылғы 5 қыркүйекке дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері, түрлі жанрлардағы очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, журналистік зерттеулер және тағы басқалар қабылданады.

  1. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:


Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.

Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.

Электрондық БАҚ журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылдың 5 қыркүйегі (алынатын күн).

Ұсынылатын материалдарға БАҚ пен журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 см. суреті, ақпараттық материалдар тізіміқоса беріледі.

  1. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.


Бір БАҚ не журналист ұсынатын материалдардың саны 5-тен аспайды.

  1. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.


 

III. Байқаудың өту кезеңдері

 

  1. Алғашқы кезең.


Республикалық және жергілікті БАҚ-та байқауды өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады және баспасөз конференциясы өткізіледі.

  1. Байқауды өткізудің негізгі кезеңі.


Байқау материалдары байқауды Ұйымдастыру комитетінің мекенжайына 2016 жылғы 5 қыркүйекке (қосып алғанда) дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша байқау лауреаттарын айқындайды.

  1. Қорытындылау.


Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады:

  1. Үздік видеосюжет;

  2. Үздік радио-сюжет;

  3. БАҚ-тағы үздік жарияланым;

  4. Интернет-ресурстардағы үздік жарияланым;

  5. Ақпараттық агенттіктердің ленталарында жарияланған үздік материал;

  6. Үздік фотоматериал;

  7. Үздік жас журналист;

  8. Үздік блогер.


 

  1. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы


 

  1. Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.


 

  1. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері


 

  1. Ұйымдастыру комитеті:



  • байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкессіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;

  • қандай да бір үміткерге қатысты байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.



  1. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:



  • барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

  • байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;

  • байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.


 

  1. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері


 

  1. Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:



  • байқауға түскен материалдарға баға беру;

  • жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.



  1. Байқау комиссиясының міндеттері:



  • барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

  • байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу;


Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол берілмейді.

 

  • Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі



  1. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:



  • байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;

  • ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;

  • байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.



  1. Байқауға қатысушылардың міндеттері:



  • байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;

  • осы Ереженің талаптарына сәйкес  рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;

  • осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.



  1. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:



  • материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;

  • осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен рәсімдеулерді сақтамағаны үшін.


 

  • Медиа ресурстар



  1. Байқауға ақпараттық қолдау жасауды әкімдіктің медиа-ресурстары мен ақпараттық серіктестіктері қамтамасыз етеді.


 

  1. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

  2. Байқауға материалдар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Жандосов көш. 1/1,(Байзақов көшесінің қиылысы) тел.: +7 7272 50 23 55, «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі, электрондық пошта: jeruik.almaty@mail.ru.


 

Рекомендовать
Последние новости