"Мен ауру емеспін". Прокурор Нүкенова мен Бишімбаевтың жеке әңгімесін оқып шықты

Көркем Алдабергенова 04 апр. 2024 12:38 26174

Прокурор Айжан Аймағанова сот отырысында Нүкенова мен Бишімбаевтың жеке әңгімесін оқып шықты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Хаттардан Бишімбаев геолокацияға бола ашуланғанын көруге болады.

«Мен сені көрмейтін болсам, несіне геолокацияңды қосасың? Мен сені көрмей тұрмын» - дейді Бишімбаев.

«Менде 1000 жылдан бері солай тұр, үйдің бұл жағында Wi-Fi ұстамайды» - деп жазған Салтанат.

Сонымен қатар, сотта Бишімбаев Салтанатқа түнгі екі жарым мен үш жарым аралығында бірнеше рет хабарласқаны айтылды. Алайда Салтанат тұтқаны көтермеген. Бишімбаев түнгі уақытта хабарласуын уақыт алшақтығы деп түсіндірген. Оның сөзінше, Салтанат елде болған, ал Бишімбаев Түркияда болған.

Мемлекеттік айыптаушы Салтанаттың телефонында сақтап қойған жеке жазбаларын да оқыды.

«Қуандық, мен Павлодарға кетіп бара жатырмын. Енді келмеймін. Бұл күндері мен арамызда сезім жоғына көзім жетті. Ештеңені сақтап қалғым келмейді. Сен тіпті көзіме шөп салғаның үшін тіпті кешірім сұраған да жоқсың. Оның үшін ештеңе істегің де келмеді. Бәріне мені кінәлап, “психотерапевтке бар” деп қоймадың. Соқырлығың сонша, оныңды көтере алар емеспін. Кешір мені, ұмыт, босат. Бәрін шештім. Ата-анаммен болам, олар маған қарайды», - деп жазған Салтанат телефонында сақтап қойған жазбасында.

Сондай-ақ Салтанат мұндай қарым-қатынастан шаршағанын жазған.

«Сәлем, жаным, осының бәріне жүрегім ауырады. Мен сенің осыған дейін істеген әрекеттеріңді бағалаймын, бірақ мен мұндай қарым-қатынастан шаршадым. Бұл өмір емес. Мен сенің ойыншығың да, балаң да емеспін. Мен ауру емеспін. Сондықтан маған 24/7 маған не істеу керегін үйретудің қажеті жоқ. Менің өз ісім бар. Махаббат пен некені сақтау үшін өзара сыйластық керек. Біз бір-бірімізге тірек болуымыз қажет, жау емеспіз, жарыместер сынды жауласпағанымыз жөн. Екеуміз арақатынасымызды көп талқылағанымызбен, мен бұдан шаршадым. Саған ұрыс-керісті ауыр қабылдаймын деп айтқан едім. Соның кесірінінен жүйкем сыр берді. Енді өз-өзіммен жұмыс істеп, сен үшін өзгеруге тырысамын, саған ұнау үшін бәрін істеймін», – деген Салтанат.


Рекомендовать
Последние новости