Болат Өтемұратовтың қоры су тасқынынан зардап шеккендерге жарты миллиардтан астам қаражат бөлді

Қаракөз Амантай 01 апр. 2024 14:25 5953

Қор директоры Марат Айтмағамбетов су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан тұрғындарына көмек көрсету мақсатында 680 миллион теңге бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Соңғы күндері миллиондаған отандасымыз сияқты біз де үй-мүлкінен айырылып, су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына  жанашырлық сезімін білдірудеміз. Бұл қаражат бірінші кезектегі қажетті заттарын сатып алуға мүмкіндік береді деген үміттеміз. Қиын күндерден аман өтіңіздер", - деді Марат Айтмағамбетов.

Еске салайық, Болат Өтемұратовтың қоры табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен қазақстандықтарға жүйелі түрде көмек көрсетеді. 2018 жылдан бері қор Қызыл Жарты Ай және ForteBank-пен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккендерге атаулы қаржылай көмек көрсетіп келеді. 6 жыл ішінде Help Card жобасы аясында 16,4 мыңнан астам қазақстандыққа қаржылай қолдау көрсетілді. Жоба аясында көрсетілген көмектің жалпы сомасы 1,1 миллиард теңгеден асады.


Рекомендовать
Последние новости