Мемлекеттік қызметкер мемлекеттің сөзін сөйлеуі тиіс. Ал бірақ...

Dalanews 03 нояб. 2015 00:33 910

Мемлекет басшысы Ақордадағы үлкен отырыста елге өсек тарататын мемлекеттік қызметкерлердің өзі деп айтқан болатын.

«Қазақстанда барлық өсек-әңгімелерді негізінен мемлекеттік қызмет таратады. Мен мұны жақсы білемін, оның ішінде негативті өсектер де көп. Мемлекеттің есебінен берілген компьютерде отырып алып не туралы жазатындары белгісіз. Мұндай адамдарды ұстап, жазалап, жұмыстан қуу керек» деген болатын Назарбаев.

Сайып келгенде Елбасы мемлекеттік қызметкердің этикасы туралы әңгіме қозғағаны анық. Демек, мемлекеттік қызметкер мемлекеттің сөзін сөйлеуі керек.

10599449_755991654464907_1188106641483640074_nБұл тарапта біраз уақыт бойы Алматы қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Дәурен Әлімбековтың (суретте) әлеуметтік желіде жазған ой-пікірлерін оқып жүрміз. Әрине, айтылған дүниелері орынды, бірақ кейбір пікірлері оқырмандарға әртүрлі ой салуы да мүмкін...  

Бір жолы ол былай деп жазады: «Кейбір ақпарат құралдары «әкімшілік көліктерге рельстің үстімен жүруге тыйым салыпты» деп хабарлапты. Негізінде оларды жөндеу керек. Мұндай қисынсыз шешімге қатысты пікір білдіргім келмеген. Бірақ, артынан Серік Ахметовтың қорғаушылары аталған ақпарат құралдарын Ахметовке қатысты жалған ақпар таратуда деп айтқан пікірін естігеннен кейін мұның бәрі әлгіндей ақпарат құралдары үшін қалыптасып кеткен жүйе екенін білдім.

Енді бір жолы ол былай дейді: «Алматыны неге түтін басатынын білдім. Қаланың әдемілігін жасыру үшін коммуналдық қызметтер біздің онсызда әлсіз денсаулығымызды Оңтүстік Астананың қалыптасқан иісімен толтыра түседі».

Енді бір жолы Дәурен мырза Жол полициясын сынға алады. Атап айтқанда, жол қозғалысының жылдамдығын бақылайтын «радарлардың» қаншалықты қисынсыз қойылғанын атап өтеді.Тағы бір жолы ол «Әкімі ақша жемейтін қала қалай өмір сүреді» деген ақпаратпен бөліскен. 

Әрине, мұның бәрі өзекті дүниелер. Бірақ, мемлекеттік қызметкер болғаннан кейін кейбір дүниелерге қатысты көзқарасын байыппен жеткізсе, сыртқа көзге салмақты, салиқалы естіледі деген ойдамыз.

Рекомендовать
Последние новости