Мемлекеттік органдардың сайтына шабуыл жасаған хакер ұсталды

Сағыныш Сардарова 22 февр. 2024 10:32 1942

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҰҚК мәліметінше, ол - Қарағанды тұрғыны.

"Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды. Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 миллион теңгеден артық", - деп жазылған мәліметте.

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости