Мемлекет басшысы кепілдендірілген трансферт пен бюджет туралы қос заңға қол қойды

Кәмшат Тілеухан 05 дек. 2024 00:40 474

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сонымен қатар президент "2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға да қол қойды, деп жазады Dalanews.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Айта кетсек, 2024 жылдың 21 қарашасында Сенат Ұлттық қордан алынатын алдағы үш жылға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын бекітті. 2025 жылғы нысаналы трансферт көлемі  3,250 трлн теңгені құрайды, кепілдендірілгені - 2 трлн теңге. Құжатта мұнайдың кесімді бағалары да көрсетілген: 2025 жылы – бір баррелі 42,3 доллар, 2026 жылы — 41 доллар, 2027 жылы — 39,4 доллар. Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің болжамды көлемі 2025 жылы 2 277,0 млрд теңгені, 2026 жылы 2 276,8 млрд теңгені және 2027 жылы 2 277,0 млрд теңгені құрайды.

Тура осы күні Сенат депутаттары 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын да қарады. Алайда бұл құжат сенаторлар сынынан өтпей, қайта пысықтау үшін Мәжіліске қайтарылды.

Негізгі мәселелердің бірі ЖІӨ өсімінің болжамды деңгейін асыра бағалау болды: 2025 жылға -5,6%.

"Бұл болжам күмәнді және көптеген халықаралық сарапшылар оны тым оптимистік деп санайды. Әсіресе, өнеркәсіптік өсім әлсіз, мұнай өндірісінің көлемі төмендеп жатыр. Сондықтан бұл асыра бағалау болады", – деді Сұлтанбек Мәкежанов бұл ретте.

Сондай-ақ депутат бюджет жобасына енгізілген 2025 жылға арналған инфляция дәлізінің 5,5-7,5% аралығындағы сәйкестігіне де күмән келтірді.

"Бюджет шығынының артуы инфляцияның төмендеуін қамтымайды, сондықтан бұл көрсеткіш декларативті болып қалуы әбден мүмкін", - деді ол сезіктене.

Салық түсімдері де сенаторлардың көңіліне жақпады

27 қарашада Мәжіліс Сенаттың түзетулерімен келісті. Үкіметтің болжамы бойынша, 2025 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 5,6% құрайды%, ЖІӨ-нің 5 жылдағы орташа жылдық өсімі - 5,4%. Инфляция 2025 жылы 5,5-7,5%, 2026 жылы 5-6% деңгейінде анықталады, ал 2027-2029 жылдары бұл көрсеткіш 5%-ға дейін төмендейді деп болжанады. 2025 жылы бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2,7% деңгейінде айқындалады, ал 2026-2027 жылдары ЖІӨ-нің 2,2% және 1,9% деңгейін қамтып, төмендейді. Республикалық бюджет кірістері бойынша болжамдар (трансферттерді есепке алмағанда): 2025 жылы 15,6 трлн теңгені, 2026 жылы 16,7 трлн теңгені, 2027 жылы 18,2 трлн теңгені құрайды. Республикалық бюджеттің шығыстары: 2025 жылы 25,8 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 17,1%-ы, 2026 жылы 23,2 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 13,7%-ы, 2027 жылы 24,6 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 12,9%-ы.


Рекомендовать
Последние новости