Мектеп директорларының жалақысын есептеу жүйесіне өзгеріс енеді - Аймағамбетов

Dalanews 19 авг. 2021 09:02 846

Жалақының қазіргі деңгейінде бәсекеге қабілетті менеджерлер мектептерге басшы болып жұмыс істеуге қызығушылық танытпайды, деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясында, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазіргі кезде мектеп басшыларына еңбекақы төлеу мәселесі өткір, біз мұны жақсы білеміз. Жалақының қазіргі деңгейінде бәсекеге қабілетті менеджерлер мектепке басшы болып жұмыс істеуге қызығушылық танытпайды.

Ал жалпы алғанда, ең үздік мұғалімдер завуч немесе мектеп директоры болуға мүдделі емес. Мұны бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан, әрине, бұл бағытта өзгерістер қажет, - деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, мектеп директорларының жалақысы мұғалімдерге қарағанда төмен болатын жағдайлар көп, бұл өз кезегінде әртүрлі тәуекелдерді тудырады.

Сондықтан, Білім және ғылым министрлігі біздің мектептердің директорларына еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, оның ішінде әртүрлі ұйымдар үшін сыйақыны дифферсификациялау да жатады.

Бұл арада айтайын дегенім, біз 40 баласы бар директорға да, 1200-2000 баласы бар директорға бірдей жалақы төленетін жағдайға назар аударту.


Әлбетте, мұндайда жүктеме мен жауапкершілік дәрежесі әртүрлі болады. Біз бұл туралы мәселе көтердік, министрлік тиісті шешім дайындап жатыр, - деп түсіндірді Білім және ғылым министрі.

Рекомендовать
Последние новости