Мәулен Әшімбаев: Қазақстан қауіпсіздігі тиісті деңгейде қамтамасыз етілген

Қаракөз Амантай 05 дек. 2024 16:22 991

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол бұл мәселеде Қазақстан халқы үшін алаңдауға еш негіз жоқ екенін мәлімдеді. Айтуынша, осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

“Өзім сыртқы саясат және қауіпсіздік саласында жұмыс істедім, қазір Парламентте осы мәселелермен айналысудамын. Қауіпсіздік деңгейі тиісті дәрежеде қамтамасыз етілуде. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта үлкен іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Біз халықаралық қатынастарда тепе-теңдікті сақтап, барлық елмен достық қарым-қатынасты нығайтып отыруымыз қажет”, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен бірге ол елдің әскери мүмкіндіктерін күшейтуге де едәуір қаражат бөлініп жатқанын атап өтті.

“Қару-жарақ пен техниканы жаңартып жатырмыз. Бұл бір күнде шешілетін мәселе емес, бірақ соңғы онжылдықта бұл бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік”, — деп қосты ол.

Оның сөзінше, экономикалық тұрақтылық та билік назарында.


Рекомендовать
Последние новости