Мәскеудегі терактте лаңкестерді қаржыландырған күдікті ұсталды

Көркем Алдабергенова 29 мар. 2024 09:35 13611

Мәскеудегі "Крокус сити холл" концерт залында болған терактке қатысы бар деген тағы бір күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресейдің тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин жедел кеңес өткізіп, жиында тергеуге қатысты жаңа деректер айтылған. 

"Тергеу сотқа оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауды сұрайды", - делінген ведомствоның Telegram-каналында.

Тергеу мәліметінше, ұсталған күдікті террористерді қаржыландырумен айналысқан болуы мүмкін. 

Айта кетейік, 22 наурызда кешкі уақытта Мәскеудегі "Крокус сити холл" концерт залында теракт болған еді. Қару асынған бірнеше адам қарапайым тұрғындарға оқ жаудыра бастады. Салдарынан, соңғы деректер бойынша, 143 адам қаза тапты. 


Рекомендовать
Последние новости