Кәрім Мәсімовтың қызы бұрынғы күйеуі Азамат Қапеновпен мүлікті бөлу ісі бойынша сот шешіміне шағымданды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл процесс екі жылдан бері жалғасып келеді. Сот базасындағы деректерге сәйкес, талап арыз бірнеше рет өзгертілген. 2025 жылдың 9 маусымында сот Тамилла Кәрімнің талабын қанағаттандырудан бас тартқан. 30 шілдеде ол апелляция берген.
Қай мүлік жайлы сөз болып жатқаны әзірге белгісіз, өйткені сот шешімінің мәтіні әлі жарияланған жоқ.
2022 жылы «Выход к морю» телеграм-арнасы Қапеновтың Мәскеуде, сондай-ақ Рублевка мен Серебряный бор аудандарында жылжымайтын мүліктері бар екенін хабарлаған. Бұл активтердің жалпы құны шамамен 10 млрд теңге деп бағаланған.
Бұған дейін Кәрім мен Қапенов балаларға қатысты – қамқорлық пен олардың тұрғылықты жерін анықтау мәселелерін шешкен болатын. 2022 жылдың желтоқсанында Біріккен Араб Әмірліктерінің мұсылман еместерге қатысты істерді қарайтын соты шешім шығарып, балалардың әр айдың алғашқы екі аптасын анасымен, ал қалған екі аптасын әкесімен өткізуін бекіткен.
Сондай-ақ оқыңыз: Антикор Қапеновты алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен іздестіріп жатыр.