Мәсімовтің інісіне іздеу жарияланды

Dalanews 22 апр. 2022 04:59 843

Генерал-майор Нұрлан Мәсімов пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Нұрлан Мәсімов бұған дейін Павлодар облысы полиция департаментін басқарған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Павлодар облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы генерал-майор Мәсімов Н.М. қатысты сотқа дейнігі тергеу бастады. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді (Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 4-бөлігі бойынша), - делінген хабарламада.

Қазір Мәсімовке қатысты іс қайта қаралып, сот қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялады.

"Іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданады", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

...

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Кәрім Мәсімовтің денсаулығының нашарлағанын, оны босату қажет деген ақпарат пайда болған.

«ҰҚК-нің тергеу изоляторының жағдайында К.К.Мәсімов Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес материалдық және медициналық қамтамасыз етілуде, ол қамауда ұстау уақытына қанағаттанбау туралы шағым келтірмеді. Соның ішінде медициналық қамтамасыз ету бойынша.», - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінен.

Рекомендовать
Последние новости