Мәсімовтің екі орынбасары ұсталды

Dalanews 13 янв. 2022 10:54 723

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К. Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Тергеу жалғасуда.



Айта кетейік, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қамауға алынған болатын. Қылмыстық кодексте мемлекетке опасыздық жасау әрекеті үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Рекомендовать
Последние новости