Мәсімов кепілмен сыртқа шықса, Күдебаев секілді қашып кетуі мүмкін бе?

Dalanews 22 апр. 2023 11:05 1066

Бүгінде мемлекетке опасыздық жасады, билікті күштеп тартып алма болды, билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы ҰҚК басшысы, қазір қамауда отырған Кәрім Мәсімовтің PR қызметі хабарлады.

Сәуірдің 4-і күні Кәрім Мәсімовтің америкалық Джонс Хопкинс университетінің дәрігері, доктор Эрнест Браун медициналық куәлік беріп, Мәсімовтың қамауда болуына байланысты ерте қайтыс болу қаупі жоғары екенін айтқан.

Доктор Браун Мәсімовтың 2023 жылдың қаңтарында шұғыл операциядан аман қалғанын хабарлады. Дәргердің айтуынша қиық мұрт ауыр созылмалы жүректің ишемиялық ауруына шалдығыпты. Оны тергеу изоляторында ұстауға болмайды екен.

Дәрігердің сөзіне сенсек, Мәсімов инфаркттан немесе инсульттан қайтыс болуы мүмкін екен.


Әрине, бұл ретте Мәсімовтың жақтастары оны өте ауыр дертке шалдыққан адам ретінде көрсетуге тырысуда. Егер Мәсімовты кепілмен сыртқа шығаратын болса, ол бір күнде сауығып, Күдебаев секілді қашып кетуі мүмкін. Сондықтан оның тергеу инзоляторында отырғаны дұрыс.

Рекомендовать
Последние новости