Марат Сұлтанғазиев: «2022-2023 жылдары Саймасай мен Қайнар ауылдарына газ кіреді»

Dalanews 23 сент. 2022 18:10 1147

Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Аудан халқымен кездесуде өңір басшысы газдандыру төңірегінде айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбекшіқазақ жерінде ауылдардың тек 17%-ы ғана көгілдір отынға қосылған. Бұл дегеніміз жалпы саны 25 мың абоненттің 10 мыңының газға қол жеткізгенін көрсетіп отыр.

Өңірдегі халықтың ашуын тудырған дүние газға қосылу бағасыныың қамбат болуы. Дәл қазіргі көгілдір отынды үйге кіргізуге кететін қаржы 350-396 мың теңгенің аралығын құрайды. Аталған қаражат қарашаның қалтасына ауыр тиюде.

Тұрғындар тарапынан айтылған уәжге қатысты Марат Сұлтанғазиев пікір білдірді.

– Біз бұл мәселені Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен пысықтап жатырмыз, жақын арада шешу жолдарын табамыз деп ойлаймын, – деді облыс әкімі.


Айта кетейік, 2022-2023  жылдары «КазТрансГаз Аймак» акционерлік қоғамы есебінен Саймасай және Қайнар ауылдарын газдандыру жоспарланған. Жобаның құны – 2,5 млрд тенге, жалпы ұзындығы 89 шақырым газ құбырының 67 шақырымы салынған. Енді 22 шақырым газ құбырын тарту қалды.

Сонымен қатар, Талдыбұлақ, Сатай және Қаракемер ауылдарын газдандыру үшін жобалық- сметалық құжаттама әзірленуде.

Рекомендовать
Последние новости