Алматы облысында «Есiк визит – орталығы» бой көтереді

Dalanews 23 сент. 2022 18:05 952

Еңбекшіқазақ ауданы жоғары туристік әлеуетке ие. Ауданда 15 туристерді қабылдайтын орын бар, онда өткен жылы 12,5 мыңнан астам келушілерге қызмет көрсетілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.  Осыдан екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 6,2 мың адамды құрған еді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Көрсетілген туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 3 есе өсіп, 126,5 млн теңгені құрады. Көлсай көліне келетін туристер саны, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметі бойынша, 160 мың адамды құрайды, яғни, ауданның туристік әлеуетін кеңейту бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру қажет, – дейді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, бүгінгі күні «Қазақ Туризм» АҚ компаниясы Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі аумағындағы «Түрген» ірі тау шаңғы курортының инвестициялық жобасын іске асыру мақсатында алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуде.


Сол себепті аймақ басшысы аймақтағы жауаптыларға үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасы шеңберiнде оны қазақстандықтар мен шетелдiк қонақтар арасында танымал ету мақсатында Есiк визит-орталығын салу жөнiнде ұсыныстар енгiзіп, белгіленген мерзімде жоспарланған барлық нысандардың  құрылысы мен реконструкциясының аяқталуын ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Рекомендовать
Последние новости