Марат Молдыманов: «Мақтасын отандық кәсіпорындарға сатқан шаруаларға субсидия беру керек»

Dalanews 12 нояб. 2018 09:34 868

Бүгінде Қазақстан Еуразиялық одақтың мүшесі болғандықтан, сырттан келетін медициналық мақтаға кедендік баж салығын көтеру мүмкін емес. Бірақ қалай болғанда да ішкі нарықты қолдау қажет. Бұл ретте тығырықтан жолды Түркістан мақта зауытының директоры Марат Молдыманов ұсынды.



 

– Бүгінде көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына субсидия берілетіні белгілі. Біздіңше, еліміздегі мақта өсіретін шаруалар мемлекеттің көмек қаржысын алғысы келсе, мақтасын отандық кәсіпорындарға нарық бағасымен сату туралы талап қоюы керек. Сол кезде Қазақстанда өндірілген мақтаның бәрі сыртқа экспортталып кетпейді. Елімізде өндірілген мақтаның біраз бөлігі отандық кәсіпорынға сатылса, елімізде жеңіл өнеркәсіп дамитынына сенімдімін, – дейді кәсіпорын басшысы.

Әрине, отандық өндірісті қолдауға бағытталған мұндай шаралар дәл қазір аса қажет. Жалпы мұндай шара ұзақ жылдарға созылмайтыны да белгілі. Өзіміз өсірген мақтаны отандық кәсіпорындарға сатқан шаруалар субсидия берілсе, бұл шаруаға да, мақта өңдеу ісімен айналысатын кәсіпорындарға да тиімді болады. Ал кәсіпорындар аяққа тұрған кезде елімізде өндірілген мақтаның бәрін отандық кәсіпорындар сатып алып, өз жерімізде дайын өнімге айналдыратын мүмкіндік туады. Мұндай жағдайда Қазақстан мақта экспорттаушы емес, импорттаушы елге айналары сөзсіз.



Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости