Мақтаныш сезімін тудыратын мақала

Dalanews 21 нояб. 2018 10:33 799

Бүгінгі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын терең тебіреніспен оқып шықтым. Себебі, сан ғасырлық тарихы бар еліміз жайлы талай мақала шыққанымен Елдің басшысы ретінде бастама көтеріп төл тарихымызды қайта жаңғыртып әлемдік сахнаға шығаруды көздеген ойы мені қуантты.

Себебі әр ел өз тарихымен мәңгі. Елбасы айтқандай кеңістік пен уақыттың түйісуі ұлт тарихының басталуы. Біз сонау сақтармен, ғұндардың одан арғы бабаларымыздың ізін жалғастырар Ұлы Даланың мұрагерлері ретінде өз тарихымызды білу және келер ұрпаққа жеткізу міндетіміз.

Осы жолда цифрлы жүйені қолдану арқылы әлемдік деңгейде өзге елдер тарихымен иық тіресіп мол мұрамыздың бар екенін, оның ішінде Ұлы Дала топырағы барша түріктің атамекені, түпқазығы болғандығын көпшілікке жариялайтын сәттің туғанына қуаныштымын. Сонымен қатар атқа міну мәдениеті, аң стилі, ұлы жібек жолы, ұлы дала есімдері, дала фольклоры туралы айтылғаны ойы өте керемет құнды дүние.

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өйткені мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы. Келер жас ұрпаққа мақтаныш сезімін тудыратыны және бұл мақала көп бағытты қамтитын жеке бағдарлама есебінде бекітілсе өшпес тарихқа жасалған үлкен құрмет болары сөзсіз.

Қ.Бекметов, Кентау қаласы «Жастар ресурстық орталығының» басшысы.

Рекомендовать
Последние новости