Түркістан облысының білікті ұстаздары тәжірибе бөлісті

Dalanews 21 нояб. 2018 10:26 761

Түркістан облысы, Кентау қаласындағы №24 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектепте облыстық тәжірибелік семинар өтті.

Семинарға Түркістан облысы білім басқармасы, Түркісбан облыстық әдістемелік орталықтың «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру» бөлімінің басшысы Жеңіс Қоздыгарина, Әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі ұйымның әдіскері Гүлмира Күлбаева, Түркістан облыстық әдістемелік орталықтың Бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Жайна Жолдасбекова, Түркістан 16 ауданның бастауыш сынып бірлестігінің әдіскері, бастауыш сынып мұғалімдері, ата-аналар, Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасарлар қатысты. Облыстық тәжірибелік семинардың мақсаты:

Жаңартылған білім аясында оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алған білімін әртүрлі жағдаяттарға сай қолдана білетін, ойын, пікірін толық, түсінікті, жүйелі жеткізе алатын, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау болып табылады.

№24 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектептің 10 мұғалімі өз іс тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда «Болашақтың ұландары!» тақырыбында оқушылар флешмобы ұйымдастылырды. Кентау оқушылар үйі дайындаған Сазда бағдарлама семинарға қатысушыларды тәнті етті. Кентау қаласы, Айша бибі балабақшасыының тәрбиешілері дайындаған «маймақ қаз» ертегісі бүгінгі таңдағы өзекті мәселені қозғап қатысушалырға ой тастады.

Облыстық семинарға облыстық әдістемелік орталықтың мамандары жоғары баға беріп, өз сабақтарын көрсеткен ұстаздарды облыстық әдістемелік орталықтың мақтау қағазына ұсынды.

 

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости