МАҚТААРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жарбол Кентұлы 23 окт. 2024 18:28 2042

25 қазан – Республика күніне орай Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Өркениет елді мекенінде жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында басталған нысанның құрылыс жұмыстарын «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і жүргізген. Кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жас спортшылар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жиында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі спорттың адам денсаулығын нығайтуда алатын орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, жиналған көпшілікті Республика күні мерекесімен құттықтады.

Спорт кешенінде спортшыларға арналған жаттығу залдары бар. Онда волейбол, баскетбол, футзал, гандбол, күрес, бокс, дзюдо және тағы басқа спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік қарастырылған. Одан бөлек, ғимарат аумағында жасанды көгалмен жабдықталған футбол алаңшасы орналасқан.

 


Рекомендовать
Последние новости