Маңғыстаулық кәсіпкер ауласынан шыққан минералды суды арнайы құтыға құйып, саудаға шығарды

Dalanews 23 февр. 2021 03:17 1215

Қарақия ауданына Сенек ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Дариға Құрмантай өзінің ауласындағы жер астынан шыққан табиғи ауыз суды 1 және 19 литр құтыларға құйып, саудалауда, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Маңғыстаудағы Сенектің құмы табиғи ерекше қасиетімен елімізге танымал. Осы құмдағы «Сауысқан», «Түйе су» атты су көздері арқылы ауыл тұрғындарына таза сумен қамтамасыз етіп келеді.

Жеке кәсіпкер Дариға Құрмантай ауласынан бұрқырап шығып жатқан Сенек құмының суын зертханаға тапсырып, химиялық құрамы мен минералдық қасиетін тексеруден өткізеді. Нәтижесінде Сенек құмының суы адам ағзасына пайдалы минералдарға бай екенін мамандар анықтап беріпті.

Осыдан кейін кәсіпкер Сенек суын шығарып, тұрғындарға ұсынуды бастаған. Бүгінде маңғыстулық кәсіпкер пластикалық бөтелкелерді үрлейтін және жұмыс барысында қолданылатын құрылғыларды шетелден алдырып, қызу жұмыс істеуде.


– Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласындағы мекемелердің кеңселерінен тапсырыс алып, жеткізіп берудеміз. Алдағы уақытта кәсібімді кеңейтіп, басқа да аудандар мен қалаларға Сеектің минералды суын сатылымға шығаруға күш салып жатырмыз, – дейді кәсіпкер Дариға Құрмантай.

Рекомендовать
Последние новости