Маңғыстауға арзандатылған арпаны жеткізілуде

Dalanews 13 июл. 2021 05:43 1081

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ «Каспий» ӘКК» АҚ-мен келісім бойынша Маңғыстау облысының шалғай өңірлеріне 546,304 тонна арзандатылған арпаны жеткізуді жалғастыруда, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазіргі кезде ү.ж. 13 шілдедегі жағдай бойынша Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы 9 вагонға арпа артуға кірісті. Қабылдауға ыңғайлы болу үшін және одан әрі мал шаруашылықтары арасында тарату үшін арпа 45-50 келілік қаптарға салынған. Аталған жұмыс Ақ-көл станциясындағы «Астық қоймалары №1 астық базасы» ЖШС астық қабылдау кәсіпорнында тәулік бойы жүзеге асырылып жатыр.

Маңғыстау облысы бойынша қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы фермерлік шаруашылықтарды қолдау мақсатында 20%-ға нарықтық бағадан төмен жемдік астықпен қамтамасыз ету бойынша жедел шараларды қабылдады. Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы осы облыстарды жемдік астықпен қамтамасыз ету аясында ағымдағы жылдың маусым айында жалпы көлемі 637,294 тонна болатын 10 вагон жеткізді.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысының мал шаруашылығы кәсіпорындарына арпа жіберу жалғасуда.

Рекомендовать
Последние новости