Маңғыстаудағы ірі мұнай компаниялары жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға келісті

Жарбол Кентұлы 04 нояб. 2024 11:27 1450

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ірі мұнай компанияларымен жергілікті тауар өндірушілерді қолдау бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімшарт Маңғыстауда өндірілетін мал шаруашылығы, көкөністер өсіру ісін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуді көздейді. Мақсат – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге көмектесу.

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған құжатты екінші жақтан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы Өкілдігінің директоры Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиев, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Мұрат Мұстафаев және «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директорының орынбасары Ринат Қаражанов бекітті. Үш компанияда жұмыс істейтін 37 мыңнан аса адам алдағы уақытта Маңғыстауда өндірілетін мал шаруашылығы өнімдері мен көкөністерді жергілікті шаруалардан сатып алатын болады.

– Ірі компанияларды өңіріміздің дамуына, өркендеп, өсуіне ықпал етуге шақырамын. Отандық өнімді сатып алу үшін ереже өзгерту қажет болса өзгертейік. Келісім екі жаққа да тиімді болады деп сенемін. Біздің тауар өндірушілер үшін тұрақты түрдеи өнімдерін өткізіп отыру өте маңызды, ал компания қызметкерлеріне сапалы жергілікті өнім қолжетімді болады, – деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

 


Рекомендовать
Последние новости