Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына тінту жүргізілді - дереккөз

Dalanews 18 нояб. 2020 10:55 944

Сенімді дереккөздер Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевқа тінту жүргізілгені туралы айтады. Әкімдік бұл ақпаратты растаған да, оны теріске шығарған да жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

Бір күн бұрын Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарының тінтуге алынғаны туралы деген ақпарат пайда болды. Тінту қандай іс бойынша жүргізілгені әлі белгісіз. Мұны білу үшін біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сауал жолдадық.

Облыстық әкімдік тінту туралы ақпаратты растаған да, теріске шығарған да жоқ. Олар тек Қыраубаевтың өз жұмыс орнында екенін хабарлады:

-
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев өзінің жұмыс орнында екенін және өз қызметін қалтқысыз атқарып жатқандығын хабарлаймыз, - деді Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Самат Сүлей.


Бұған дейін "Время" газеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аймақтарды сұйытылған газбен қамтамасыз ету схемасына қатысты істі тексеріп жатыр деп жазды. Кейбір облыстар көрсетілген мқлшерден көп газ алғаны анықталды, оның үстіне артық шикізатты қайта сатуға шығарған, ал мемлекет шығынға ұшыраған. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевтың газбен байланысты айла-шарғыларға қатысы бар деген болжам бар.

Рекомендовать
Последние новости