Мамайдың не себепті ұсталғаны белгілі болды

Dalanews 10 февр. 2017 07:59 1120




Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының хабарлауынша танымал оппозициялық журналист Жанболат Мамай Қазақстандағы Мұхтар Әбілязовтың сыбайласы болған. 


Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз -қызметі хабарлап отыр. 


"Тергеу барысында Мұхтар Әбілязовтың Қазақстандағы жаңа көмекшісі Мамай Жанболат Мамайұлы екені белгілі болды. Ол БТА Банктен жымқырылған ақшалай қаражаттың бір бөлігін «Саяси қалам: Трибуна» газеті арқылы ресми қаржылық операциялар жүргізу жолымен жасырып қалған.


Әзіргі күні Ұлттық бюро тарапынан «БТА Банк» АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Әбілязов және оның айналасындағы тұлғаларға қатысты банктің ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғасуда.


Мамайға қатысты қылмыстық қаржыны заңдастыру фактісін растайтын қаржылық және өзге де құжаттардың орналасуы мүмкін орындарға тінту жасалуда" делінген хабарламада. 




Жанболат Мамай 1988 жылы Алматы қаласында өмірге келген.


2007 жылы Мұхтар Шаханов атындағы "Рух мен тіл" клубына жетекшілік етті.


Кейіннен "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеді. "Трубина" газетінің бас редакторы болды.


2012 жылы Жаңаөзендегі әлеуметтік араздықты қоздырды деген айып тағылып, үш ай бойы тергеу изоляторында отырды. Кейіннен босап шықты.









2013 жылы Алматының әкімшілік соты "Ашық алаң" (Трибуна) газетіне үш ай көлемінде жарық көруіне тыйым салып, басылымның иесіне 212 мың теңге айыппұл төлеткізді. 



Рекомендовать
Последние новости