Борис Жапаров өзінің Facebook-те бүгін Алматыда өткен заңсыз митингіге қатысты жазба жариялады.
Олар өздерін көшбасшы деп атап, халықтың атынан сөйледі. Оған қандай қақысы бар деймін?! Неліктен олар заңның орындалуын талап ете отырып, оны өздері бұзады? Жаңа заң бүгін күшіне енді. Ол бойынша алдын ала әкімдікті ескертіп, митингі өткізуге рұқсатып алу керек.
Содан кейін қанша жерден митингілетемін десе, өз еркі. Бірақ өйткен жоқ қой. Тағы да билікті кінәлау керек, соларды жаман қылып көрсету керек. Керісінше билік бұл ретте өзін жақсы ұстады, - деп жазды Борис Жапаров.
Оның айтуынша, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров заңсыз жиналған қауымның ортасына келіп, бұл жағдайда құқықтық шеңберде қалай әрекет ету керектігін байыппен, ақырын түсіндірді.
"Ол бейбіт жиналыстар мен жаңа саяси мәдениетті дамыту туралы жаңа заңға сәйкес әрекет етуге шақырды. Бірақ Мамай мен оның жанындағыларға мұның қажеті жоқ.
Олар заңды біле тұра, оны бұзуда қарапайым бейбіт халықты қалқан етіп, арандатып отыр. Біздің адамдар да ақымақ емес, өздерін оппозиция көшбасшысы деп атайтын адамдардың шындығында кім екенін ақырындап осыдан кейін түсіне бастайды", - деп жазды Борис Жапаров.