Латын қарпіне көшу – заманғы таңдауы

Dalanews 16 сент. 2017 14:21 796

Алматы облысының Азаматтық Альянсы және  ҮЕҰ-дың Консалтинг Орталығының ұйымдастыруымен Латын қарпіне көшу бұл қазіргі заманғы таңдау» атты кездесу өтті.

Шараның негізгі мақсаты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғындар арасында латын қарпіне көшу қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, латын қарпіне көшу бойынша өзекті мәселелерді талқылау.

Жиында Қажет Андас – облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, Исаева Қаламқас Есенқұлқызы – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық филиалы  төрағасының орынбасары, Талдықорған қаласының Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, Боранбаев Дамир Қалыбекұлы – «Бірлік» партиясының облыстық филиалы  төрғасының орынбасары, Калиева Бакыт Асанқызы – «Жас ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Оксана Яхимович – Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты өз пікірлерімен бөлісті.

«Қазіргі кезеңде білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы да, яғни жаңартылған білім мазмұны осы латын әліпбиіне көшуде өз үлесін қосады деген ойдамын. Оған дәлел, бастауыш буыннан бастап тілдің үш тұғырлығының басымдығының бастау алуы керек» - деп «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық филиалы  төрағасының орынбасары, Талдықорған қаласының Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Исаева Қаламқас Есенқұлқызы айтты.

«Әріптестеріміздің басым көпшілігі Елбасына қолдау білдіруде және латын қарпіне көшу үрдісін қажет деп есептейді» деген пікірді «Жас ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы  Калиева Бакыт Асанқызы білдірді.

Жиын пікір-талас, сұрақ-жауаптар форматымен аяқталды.

Рекомендовать
Последние новости