"Киберқалқан" кешені хакерлік шабуылдың жолын кесуге қауқарлы ма? – сарапшы пікірі

Dalanews 21 окт. 2022 05:46 1037

Елімізде киберқауіпсіздікпен айналысатын екі бірдей ірі мекеме бар. Алғашқысы – Цифрлық даму министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, кейінгісі «Мемлекеттік техникалық қызмет» агенттігі. 

Бағдат Мусинге қарасты комитет елімізге қатер төндіретін кибершабуылдың жолын кесумен, алдын-алумен айналысады. Бұдан бөлек мемлекеттік электронды базалардың мәліметі сыртқа таралмауына жауап береді.

Қазақстанда кибершабуылға төтеп беру, оның таралу аумағын тарылту мақсатында «Киберқалқан» кешені әзірленген. Бағдарлама биылғы жылдың соңына дейін жоспарланған.

Өз кезегінде «Мемлекеттік техникалық қызметке» ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Құрылым алғашқыда электронды үкіметтің порталдарына қызмет көрсетумен айналысқан-тұғын. Соның ішінде серверлерді сүзгіден өткізу, мемресурстардың ақпаратын жинақтау және сақтау міндеті осы құрылымға қарайтын еді.

2018 жылдан бастап осынау құрылым ҰҚК-ға беріліп, киберқауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысуға көшті.

Кибершабуылдарды анықтау және зерттеу орталығы директоры Олжас Сәтиевтің атап өткеніндей, Қаңтар оқиғасына орын алып, Жаңа Қазақстан орнағалы елімізге бағытталған кибершабуылдардың саны өскен.

«Киберқауіпсіздік мәселесіне селқос қарауға болмайды. Үкіметке қарасты құрылымдар, квазимемлекеттік сектор, бизнес бәрі-бәрі де ақпараттық дәуірдің тәуекелдерін ескеруі тиіс. Бұл салаға бөлінетін қаржыны көлемін көбейтін, кәсіби кадрларды дайындауға көңіл бөлу қажет», – дейді сарапшы.


Елімізде киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қомақты қаржы бөлінеді. Мәселен былтырғы жылы Цифрлық даму министрлігі тарапынан бұл іске 7,2 млрд теңге бөлінген, биылғы бұған бөлінген бюджет біршама азайып 5,2 млр теңгені құраған.

«Киберқалқан» кешенін сөз еткенде кадр мәселесін айналып өте алмаймыз. Ақпараттық қауіпсіздікпен айналысатын мемқұрылымдарға кәсіби мамандарға зәру.

Кибершабуылдарға төтеп беретін технологияларға мұхтаж емеспіз, ал кадр мәселесіне келгенде олқылықтар көп. Осы технологияны игеріп кете алатын маман дайындауға мұқият көңіл бөлу керек. Мемсекторда қызмет ететін осы саланың мамандарына әрі кеткенде 500 мың жалақы төлейді, олардың жұмыс кестесі мен жауапкершілігін ескерсек, бұл айлық, әлбетте аздық етеді», – дейді Олжас Сәтиев.

Сарапшының пікірінше еліміздегі киберсекторды қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ілгерідегі құрылымдардан бөлек жеке, автономды агенттік құрған жөн. Маман мұның себебін де түсіндіре кетті:

«Өткен айда ғана елімізге 20 млн-ға жуық кибершабуыл жасалған екен. Олар уақыт өткен сайын күшейіп, үдей түседі. Тиісінше, мұндай шабуылдарды тежей де қиындай түспек. Еліміз цифрландыруға қарай бет бұрғанын ескерсек, осы саладағы жекеменшік жобаларға да назар аударуы тиіс. Еліміздегі талантты ІТ мамандар лайықты еңбекақы төленсе, осы іске атсалысуға әзір. Сырттан төнетін қауіп-қатердің электронды үкіметтің жұмысын тұралатып, экономиканы құлдыратуына жол бермеуіміз керек», – дейді сарапшы.

https://dalanews.kz/news/78063-dukenshiler-qantty-tygyp-otyr-aqtob

 

 

 

 

.

 

Рекомендовать
Последние новости