Дмитрий Цыкунов ВТБ Банк (Қазақстан) Басқарма мүшесі болып тағайындалды

Dalanews 08 июн. 2022 05:11 866

ВТБ Банк (Қазақстан) директорлар кеңесі Дмитрий Цыкуновты Басқарма мүшесі етіп сайлау туралы шешім қабылдады. Ол Қазақстандағы ВТБ Банк тәуекелдерін бағалау мен басқаруда жаңа тәсілдерді әзірлеу және енгізуге жауап береді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Дмитрий Цыкунов қаржы саласында 17 жыл жұмыс істеп келеді. Оның ішінде сегіз жылы ВТБ тобында. 2020 жылдан бастап ВТБ банкінің (Қазақстан) тәуекелдер департаментін басқарады.

Дмитрий Цыкунов Новосібір мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша және Халықаралық бизнес университетін (Қазақстан) «Қаржы» бағыты бойынша бітірген.


Қазіргі уақытта ВТБ Банк (Қазақстан) Басқармасының құрамына төмендегі тұлғалар кіреді: Басқарма төрағасы Забелло Дмитрий Александрович, Қаржы департаментінің директоры Нелина Анастасия Сергеевна, Корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Усанеташвили Арчил Гивиевич, тәуекелдер департаментінің директоры Цыкунов Дмитрий Сергеевич.

Рекомендовать
Последние новости