Курсқа қатысып, біліктілігіңізді көтеріңіз!

Dalanews 08 июл. 2021 09:08 862

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ skills.enbek.kz қысқа мерзімді онлайн курстарға оқыту порталын іске қосты. Қазірдің өзінде онлайн курстардың 70 авторлары мен әзірлеушілері мүдделі азаматтар үшін өздерінің оқыту бағдарламаларын ұсынуға дайын, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Портал маркетплейс (қызметтер нарығы) қағидаты бойынша онлайн курстарға қолжетімділікті ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық баламасы болып табылады.

Ресурс жалпы ел халқының білім деңгейі мен кәсібилігін арттыру, мансаптық дамуын ынталандыру және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында құрылды.

Іске қосу кезінде қазақстандық авторлар мен әзірлеушілер аспаздық және кулинариялық іс, косметикалық, заңдық және бухгалтерлік қызметтер, құрылыс, қонақүй және мейрамхана ісі, іс жүргізу, IT, SMM салалары бойынша курстар ұсынады.

Кез келген азамат https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz Электронды еңбек биржасында «Онлайн оқытуды» таңдау арқылы талап етілетін біліктілікке оқытуға немесе біліктілікті арттыру курстарына қол жеткізе алады.

Курстардың авторлары мен әзірлеушілері қазақстандық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, соның ішінде оқу орталықтары, білім беру ұйымдары болып табылады. Олар қазірдің өзінде курстарды орналастыру үшін тегін алаң ұсынуда, онлайн оқытуды дамытуға жәрдемдесуде, қосымша кіріс көзін алуда порталдың артықшылықтарын көріп отыр.

Жаңа бастаған авторлар мен әзірлеушілер үшін порталда онлайн курстарды құру бойынша әдістемелік ұсынымдар және оларға қойылатын талаптар әзірленді және орналастырылды.

Skills.enbek.kz порталында тіркелу мен жұмыс істеудің барлық мәселелері бойынша ҚР Еңбекмині «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұраймыз:

- Айбульдинова Айнұр, телефон: 8 (7172) 95 43 17 (іш.405), 87059873477, электрондық пошта: a.aibuldinova@enbek.kz;

- Капитонова Динара, телефондар: 8 (7172) 95 43 17 (іш.405), 87072503337, электрондық пошта: d.kapitonova@enbek.kz;

- Бидахметова Венера, телефондар: 8(7172) 95 43 17 (іш.405), 87789302101, электрондық пошта: v.bidakhmetova@ enbek.kz.

Рекомендовать
Последние новости