Кремль – 2020 жылы Өзбекстанды ЕАЭО-ға қосуды көксейді

Dalanews 22 янв. 2020 03:42 853

Грузияның GeorgiaToday газетінің 20 қаңтардағы санында "2020 жылдағы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) динамикасы" деген тақырыпта бас мақала жарияланды.

Мақалада Кремльдің 2020 жылдағы мақсаты Өзбекстанды ЕАЭО-ға қосып, Еуропалық одаққа балама ұйым ретінде әлеуетін кеңейтуді көздейтіні жазылған.

Грузин басылымының жазуынша, былтыр жыл бойы Ташкентті ЕАЭО құрамына қосу үшін келіссөздер жүрген.


Бірақ табиғи ресурсқа бай Өзбекстан Ресей қысымына қарсы тұра білді деп жазады басылым.

Еуразиялық экономикалық одақ 2001 жылдың 30 мамырында құрылды. Сол жылы Өзбекстан кіріп, 2008 жылы қайта шығып кеткен.

Қырғызстан мен Армения 2015 жылдан бастап аталған ұйымға мүше. Бұдан бөлек бұл ұйымға Беларусь, Ресей және Қазақстан мүше. Бұл альянс Владимир Путин үшін Совет одағын қайта құру жобасы іспетті. Ол кезінде КСРО-ның құлауын «20-ғасырдағы ең ірі апат» деп атаған.

Территориалдық тұтастығы Ресей тарапынан бұзылған Грузия мен Украина ресейлік ықпалдың басты қарсыласы. Совет одағы құрамында болған Балтық елдері Ресейдің саяси және экономикалық орбитасынан толық шығып, еуропалық одақтың толыққанды мүшесі атанған.

 

Рекомендовать
Последние новости