Корея: ұстаз президенттен қадірлі

Dalanews 21 мар. 2015 05:03 1710

DSC_0132Бір елден үйренуге, үлгі алуға болады. Ал енді біріне қарап, өз-өзіңнен жиренесің. Үйренуге тұратын елдер әлемде көп-ақ. Ол теріскейдегі көршіміз емес. Алыстағы Американы да айтып отырған жоқпыз. Ол – Оңтүстік Корея. Жапония жиі айтылып, бұл ел көп жағдайда тасада қалады.  Іс жүзінде кәрістер үлгі алуға тұратын ұлт.

Бұл елде біраз жыл тұрған, кәрістің тұрмысын, болмысын жақсы білетін шығыстанушы Дастан АҚАШ осылай тұжырымдайды. «Корей білімі қандай?». Дастан мырза осы сауалға жауап іздеген екен.

Білесіз бе?..

Корейлер білімге ерте бастан көңіл бөлген ел. Реформаның көкесін көрді бұл сала. Реформа дегенде осы салаға қатысты әлемнің озық жобаларын үсті-үстіне үйіп-төге берген жоқ. Алдымен зерттеді. Иә, Американың білім жүйесіне қарап бой түзеді. Бірақ, «америкалыққа» айналып кеткен жоқ.

Жалпы, корейлер осынысымен ерекшеленеді. Ешқашан да, қайталап айтайын, ешқашан да өзгенің дүниесіне еліктемейді. Қажетін алады, қажетсізін лақтыра салады.

Сосын бұлардың қоғамында «оқымасаң, жұмыссыз қаласың» деген қағида қатаң сақталады. Білімсіз жетістікке жетпейсің. Содан да шығар, бала балабақшаға бара сала математиканы ежіктеп үйрене бастайды. Әрі қарайғы беталыс белгілі... Мектеп, жоғарғы оқу орнына түсу. Бірақ, бұл айтқанға ғана оңай. Іс жүзінде ауыр.

Мысалға, таңғы сағат 5-те метро бекетінде сен жұмысшыларды, құрылысшыларды емес, ұйқысын аша алмай тұрған студенттерді көресің. Әй, бір жанкешті. Былай қарасаң, елдің тұрмысы түзу. Алайда, бәсеке көп, орын аз.

Сағат түнгі 11-00. Корей жастары кітапханада отырады. Кейін бұған мен де төселдім. Байқағаным, ешкім өзінің білім алып жатқанын, түннің бір уағына дейін кітаптан бас алмайтынын бұлдамайды. Бұл олардың қоғамдық мәдениетіне сіңіп кеткен.

Бір жолы бұл елге Обама (АҚШ Президенті) келеді. Ол да таңқалған екен. «Балаларыңызды балабақшадан бастап оқытатын бұл не жанталас?» депті. Әсіресе, аналардың рөліне. Бұл елде бала оқытудағы ананың рөлі зор. Барак бүй депті:  «Корей білімінен үлгі алу керек» (한국의 교육을 본받아야 한다).  Американың назарына ұсақ-түйек дүниелер іліге бермейді.
Сосын ұстаз беделі деген әншейін айта салатын сөз емес. Кәрістер пафоска берілмейтін, тіпті жол бермейтін халық. Мектебіне бардым. Маңдайшасында «Шәкірт ұстаздың көлеңкесін де басуға болмайды» деп жазылып тұр. Ал бізде ше?

 Біз қай қатардамыз?

pic_a845bcb07d729bedf00ca66cd9aa0c8eБұл ел әлемді екіге бөледі.  «Білім туралы мәдениеті бар елдер» және «жоқ елдер» деп. Шынымды айтсам, бұлар бізді (Қазақстанды) қай қатарға қосатынын білмеймін. Сұрауға оқталғам. Батпадым. Жауабын білетін сияқтымын. Бұлар білімнің мәдениетін қалыптастырған. Оны сөзбен жеткізу қиын. Көру керек. 

Сосын ұстаз беделі деген әншейін айта салатын сөз емес. Кәрістер пафоска берілмейтін, тіпті жол бермейтін халық. Мектебіне бардым. Маңдайшасында «Шәкірт ұстаздың көлеңкесін де басуға болмайды» деп жазылып тұр. Ал бізде ше?

Оны қойшы. Сабақ үстінде ұстаздың, оқушылардың да көңілін бөлуге болмайды. Мектепке ғана қатысты емес, жоғары оқу орындарындағы лекцияларда да солай. «Сабақ уақытында сыныпқа президент те кіре алмайды» деген сөз корей қоғамында көп қолданылады.

 Бару бар да, қайту бар

Корей қоғамында бұл сөз әлдеқашан мақалға айналып кеткен. Өзімізше қазақшаға аударған түріміз ғой. Мағынасын түсініп отырсыз ба? Бұлар да біз сияқты бір кезде жастарды шетелге оқуға жіберген екен. Біздікіндей «Болашақ» бағдарламасы болған. Сол кезде осы сөз айналымға еніп кетіпті. Іштей бізде «Нұрлы жолымыздың» біліммен ұштасқанын қалаймыз... Білімсіз ешбір бағдарлама жүзеге аспайды. Мәңгілік болмайды.
 Бұл ел әлемді екіге бөледі.  «Білім туралы мәдениеті бар елдер» және «жоқ елдер» деп. Шынымды айтсам, бұлар бізді (Қазақстанды) қай қатарға қосатынын білмеймін. Сұрауға оқталғам. Батпадым. Жауабын білетін сияқтымын.

 Ұстаз – бірінші, президент – екінші

[caption id="attachment_9858" align="alignright" width="462"]B6879131-C0A4-40A1-B1F4-77EBF3970CB3_THUMB_3 Оңтүстік Корея президенті Пак Гын Хие ханым кітапханада.[/caption]

Кореяда «сабақ уақытында сыныпқа президент те кіре алмайды» деп айттық. Жалпы, корей президенттері өздерін ғалым мен ұстаздан төмен қояды. Оған арланбайды. Атақты Пак Джон Хи (Оңтүстік Кореяның 1963-79 жж. аралығындағы президенті) білімге көп көңіл бөлген.

Ұстаздың қоғамдағы рөлін айқындау, оның беделін көтеруге бірінші кезекте президенттің өзі бастамашы болған.

«Шәкірт  ұстазды мазақ қылатын тәрбиесіз мектепте таза білім беру қалыптаспайды» деп бір жолы қатты ашу шақырыпты.

Ал Пак Джон Хи қазіргі Оңтүстік Корея президентінің әкесі. Қазіргі президент Пак Гын Хие бегім әкесінің жолын жалғастырып жатыр. «Қайтіп?» дейсіз ғой.

Мысалға, бізде «Қазақстан-2050» стратегиясы бар, одан бұрын «2030 стратегиясы» болды. Бұлар күллі елді дамытуға арналған, күллі саланы қамтитын бағдарламалар ғой. Мұндай жобалар корейлер де бар. Тек... олар болашақ дамудың өзін бір салаға сүйеніп бағдарлайды.

Жақында бұл елдің билігі «Мемлекеттің жүз жылдық жоспары – білім саласын реформалау» деген бағдарламаны қабылдады. 100 жылдық жоспар?! Аз емес, бекер де емес. Біз де осыған ұқсас бағдарлама қабылдадық. «Жүз мектеп, жүз аурухана» деп аталатын. Аты әдемі. Алайда, соның нәтижесін көре алдық па осы?

P.S. Жапондарды көп жазамыз. Бірақ, корейлер көршісінен кем емес. Техникалық білім беруден бұл ел 1-ші орында. Техника ғылымдарына көп көңіл бөледі. Бұл тарапта жыл сайын жарық көретін кітаптардың санын санап шығудың өзі мүмкін емес.

Корей және ағылшын тілі басымдықта. Алайда «ағылшын тілімен» ауыратындар аз. Айттым ғой, бұлар бір дүниеге басыбайлы кіріп, біржолата еліктеп кетпейді. Қаймағын ғана қалқып алады.

Оқудың құны... арзан. Нақты айтсам, 1500-4000 доллар. Одан аспайды. Байқасаңыз, бізбен бірдей. Әлде біздегі оқу құны жоғары ма?

Дастан АҚАШ


шығыстанушы, аудармашы


 

 

Рекомендовать
Последние новости