Көне құралдарды "жаңа" деп сатып алумен айналысқан ауруханалар әшкереленді

Dalanews 09 апр. 2024 20:43 2206

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Денис Шакенов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шығыс Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі денсаулық сақтау саласындағы бірқатар сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтап отыр.

Мысалы, облыстың бірқатар медициналық мекемесі жаңа медициналық жабдықтардың орнына ескісін алған. Медициналық техникаға қойылатын нормативтік талаптарға сай олар жаңа, пайдаланылмаған болуға тиіс және жеткізу сәтіне дейінгі 24 ай ішінде өндірілуге тиіс.

Алайда, Өскемендегі Ана мен бала орталығы және ШҚ облыстық ауруханасы аталған талаптарға сәйкес келмейтін жабдықтар алған. Мұндай жабдықты қабылдау оның дұрыс жұмыс істемеуіне, ерте тозуына, техникалық ескіруіне әкелуі әбден мүмкін.

– Анықталған фактілер бойынша кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін қызметтік тексерулер басталды. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдағы уақытта мұндай бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында арнайы ұсынымдар дайындалып, құзырлы органдарға жолданды, – деп атап өтті Денис Шакенов.

 


Рекомендовать
Последние новости